Шымкенттік 41 оқушы "Елбасы медалі" иегері атанды

0
2 885

41 оқушыға Елбасының марапатын Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева табыстады.


Шымкенттік 41 оқушы

Шымкенттік 41 оқушы Елбасының төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды

ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық «Дарын» орталығы 41 оқушыны Елбасының төсбелгісімен марапаттады. Жоба ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «El Umiti» бастамасы аясында әзірленді.

Қаланың парасатты жастарын Шымкент қаласының бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан онлайн режимде құттықтады.

Қала бойынша жалпы 131 озат оқушыны марапаттау жоспарланған. Желтоқсан айында қала әкімі Мұрат Әйтенов алғашқы 10 оқушыны аталған медальмен марапаттаған болатын.
Бүгін үздік деп танылған 41 оқушыға Елбасының марапатын Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева табыстады.
Жанат Арысбекқызының айтуынша, орталықтың басты мақсаты озат оқушыларды жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейту үшін жағдай жасау.
Аталған бағдарлама жастарды негізгі 7 бағытта дамытуға көмектеседі. Олар: спорт, дарындылық пен дағдыны дамыту, кітап оқу, волонтерлік, ұлттық мұра, туристік және жұмыс тәжірибесі.
Айта кетейік, «Дарын» орталығы» 2020 жылы қала басшысы Мұрат Әйтеновтің қаулысымен ашылған.
Шымкенттің білімді жастарын қолдауға бағытталған жоба 14 пен 29 жас аралығындағы балалар мен жастарға арналған. Онда қола, күміс және алтын медаль белгіленген. Қола 14 жастан, күміс 15, ал алтын төсбелгі 16 жастан бастап беріледі.