Шымкенттік ауданда 100 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып жатыр

0
1 078

Сонымен қатар, балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары да жүргізіледі.


Шымкенттік ауданда 100 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып жатыр

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы аталған аудан әкімдігі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады. Ол ақпаратқата сүйенсек, Шымкентте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Әл-Фараби ауданы аумағындағы 100 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарланған.

Тиісінше, қазіргі таңда мердігер мекеме – «Прогресс» құрылыс компаниясы ЖШС тарапынан аулаларды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.