Шымкенттік бишілер Астанада өткен байқауда бас жүлдеге ие болды

0
622

Астана қаласында ұйымдастырылған байқауда қала мақтаныштарының бағы жанып, жүзден жүйрік атанды.


Шымкенттік бишілер Астанада өткен байқауда бас жүлдеге ие болды

Шымкенттегі “Оқушылар сарайының” шәкірттері Астана төрінен жүлдемен оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Райхан Мұрзатайқызы жетекшілік ететін «Айгөлек» Ұлттық ансамблі «ITALIAN GRAND FESTIVAL» және “Гүлденген қызғалдақтар ” ІІ Халықаралық өнер байқауы-фестивалінде би жанры бойынша бақтарын сынады.
Астана қаласында ұйымдастырылған байқауда қала мақтаныштарының бағы жанып, жүзден жүйрік атанды. Мың бұралған бишілерден құралған топ Шым қалаға бас жүлдемен оралды.