Шымкенттік боксшы Әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

0
575

52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшы Жайна Шекербекова 1/2 финалда таиландтық Джутамас Джитпонгпен кездесті.


Шымкенттік боксшы Әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Бокстан Ыстамбұлда (Түркия) әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жартылай финалдық жекпе-жекте шымкенттік боксшы қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшы Жайна Шекербекова 1/2 финалда таиландтық Джутамас Джитпонгпен кездесті. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен Джутамастың пайдасына аяқталды.
Осылайша Жайна Шекербекова 2022 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама ала алмай, қола жүлде иегері атанды.