Шымкенттік боксшы қыздар Екібастұзда өткен республикалық жарыста жеңімпаз атанды

0
2 153

Мегаполистік мектеп оқушылары республикалық жарыста алтын медальді қанжығаларына байлады.


Шымкенттік боксшы қыздар Екібастұзда өткен республикалық жарыста жеңімпаз атанды

2002-2003 ж.т. және 2004-2005 ж.т. қыздар арасында Екібастұз қаласында өткен бокстан Шымкент қаласының намысын қорғаған қос бірдей мектеп оқушысы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Республикалық жарыста бақ сынаған жерлесіміздің бірі - Дидай Дана Мұратқызы. 2003 жылы дүниеге келген боксшы Спорт шеберлігіне үміткер. Ағымдағы жылдың 27 қаңтары мен 2 ақпан күні аралығында ұйымдастырылған сайыста 75 келі салмақпен қарсыластарын соққыға жығып, Қазақстан Республикасының жеңімпазы атанды.

Ал, Базарова Илина Нұрланқызы 2004 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол бұған дейін, 2019 жылы жастар арасында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын. Ал, Екібастұз қаласында жасөспірім қыздар арасындағы жарыста қатарластарынан оза шығып, алтын медаль жеңіп алды.