Шымкенттік боксшы спартакиаданың жеңімпазы атанды

0
811

Астанадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде өткен дүбірлі додада шымкенттік 12 спортшы бақ сынады.


Шымкенттік боксшы спартакиаданың жеңімпазы атанды

Астана қаласында бокстан VI жазғы Спартакиадасы 19 қарашада өз мәресіне жетті. Сайыста Шымкент қаласының намысын қорғаған былғары қолғап шеберлері 1 алтын, 1 қола жүлде иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жерлесіміз Махмұд Сабырхан 57 келі салмақта қарсыласының бәрін жеңіп, алтын медаль тақты. Махмұд финалдағы шешуші жекпе-жекте Ақмола облысының спортшысы Оразбек Асылқұловтан басым түсті. Ал 86 келіде өнер көрсеткен Таңатар Бекзат қола жүлде иеленді.
Еске салсақ, елге еңбегі сіңген спорт шебері Махмұд Сабырхан биыл Ташкентте өткен Әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, байрақты бәсекенің биік тұғырынан көрінген болатын. Оған дейін ол жасөспірімдер және ересектер арасында Азия чемпионы, ал жастар арасында Азия біріншілігінде 2 дүркін жеңімпаз атанған.
Айта кетейік, Астанадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде өткен дүбірлі додада шымкенттік 12 спортшы бақ сынады.