Шымкенттік бүлдіршіндер Дубайдағы байқауда топ жарды

0
1 357

Дубай қаласында «Аrt Kelen» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен халықаралық «Dubai East Vision» фестиваль байқауы өтті.


Шымкенттік бүлдіршіндер Дубайдағы байқауда топ жарды

ERNUR.KZ. Шымкеттік оқушылар халықаралық байқауда бірінші орын алды.

Аталған байқауға әлемнің 34 қаласынан қатысушылар келіп, Марат Калымбаев, Пол Куникем, Докку Мальцагов сынды халықаралық деңгейдегі қазылар бүлдіршіндер өнерін сарапқа салды.

Байқауға қатысушылардың қатарында Шымкент қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның 4-сынып оқушыларынан құралған «Жұлдыздар» триосы да бар. Трио «Астана» әнін орындап, жүлделі 1-орынға ие болды.

Топтың музыкалық жетекшісі Гулнара Ернишева: «Вокал бөлімі біткеннен кейін ұйымдастырушылар бүкіл вокал ұстаздарына дөңгелек үстел жасап, сайыс барысын бірге отырып талқылады, жетістіктері мен жіберген кемшіліктерін айтып, оны қалай түзеу керектігін түсіндіріп отырды. Балаларды жинап, шеберлік сыныптар өткізіп, әр баланың дауыс мүмкіншіліктерін тексерді», - деп бұл байқаудағы қазылар алқасының бағалау әдісінің ұнағандығы туралы айтып өтті.

дереккөз: elitar.kz.