​Шымкенттік дәрігер күйеуі тастап кеткен үшемнің анасына көмектесті

0
484

Ортақ үш балалары бар әке әйелінің үшемге жүкті екенін естіп тайып тұрған.


​Шымкенттік дәрігер күйеуі тастап кеткен үшемнің анасына көмектесті

ERNUR.KZ. Шымкенттегі Т.Орынбаев атындағы гипербарилық оксигенация орталығың бас дәрігері Мадина Ермаханбетова жалғызбасты анаға қомақты қаржылай көмек беріп, алты бала-шағасына киім-кешек алып берді, деп жазады Elitar.kz.

Шымкент қаласында үшемді дүниеге әкелген көпбалалы ана Фозила Досметованы күйеуі жұбайы үшемді дүниеге әкелетінін естіген соң осыдан төрт ай бұрын тайып тұрған. Үшемге жүкті әйел тағы үш баласымен пәтер жалдап, осы күнге дейін әрең күн көріп келген. Өлместің күйін кешкен жалғызбасты анаға жақында демеушілер көмек көрсетіп, қаланың орталығынан 3 бөлмелі пәтерді жалға алып берді. ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев көпбалалы ананың жағдайына бей-жай қарамай, жергілікті демеуші азаматтарды жұмылдырды.

Фозила Досметованың қазір алты бала-ашағасы бар. Үш баласы мектеп жасында. Оқушы балалардың киім-кешегін, отбасыға қажетті азық түлікті және өзге де қажеттілктерді Мадина Ермаханбетова өзінің қаржы есебінен алып берді. Қаладағы медициналық орталықта басшылық қызмет атқаратын қайырымды азаматша мұнан бөлек ата анасының қарауынсыз қалған балаларға көмек көрсеткен еді. Бас дәрігер үшін көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беру тұрақты әдетке айналған.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет