Шымкенттік дәрігерлер жаппай түрмені аралады

0
845

Шымкенттік дәрігерлер түрмеге барды.


Шымкенттік дәрігерлер жаппай түрмені аралады

Шымкенттің жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері түрмеге енді дәрігерлерді жаппай алып барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Естеріңізде болса, Ұлттық бюродағылар осыдан бұрын түрмеге шенеуніктерді алып барып, бір шошытып алған болатын.
Шымкенттегі 30-дан аса медициналық мекеменің бас дәрігерлері, аға медбикелері мен басқарма қызметкерлері, жалпы саны 90 адамды түрмеге үш бөліп кіргізді. Дәрігерлер түрменің ұзын дәлізімен жүріп отырып, камераларға кіріп көрді. Абақтыдағы адам емдейтін санитарлық бөлімді де таныстырды. Абақтыда қазір үкімін күтіп отырған 500-ге жуық адамның арасында дәрігерлер жоқ екен.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тимур Варзилов:

- "Әрине, бұл жерден бостандық жақсы. Сондықтан, адал жұмыс істеуіміз керек. Өзімде қорқыныш болмады. Бірақ ұнады деп те айта алмаймын. Және жаңа ішінде жүргенде әріптестерімнің «Құдай сақтасын» деген сөздерін көп естідім. Мына жерді көзбен көрген соң, пара ретінде ұсынып жатса, ақшадан да безінері сөзсіз. Ешқандай ақша бостандыққа жетпейді."- деді.