​Шымкенттік дзюдошы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

0
449

Қазақстан құрамасынан 17 спортшы бақ сынауда.


​Шымкенттік дзюдошы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Шымкенттік дзюдошы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Босния және Герцеговина астанасы Сараевода осы күндері Әлем Чемпионаты өтуде.

Қазақстан құрамасынан 17 спортшы бақ сынауда.

Шымкенттік спортшы Талғат Орынбасар 60 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ биыл Шымкенттік спортшылар Қазақстан республикасының чемпионттарында 500-ге жуық алтын медаль жеңіп алды.

2022 жылдың алты айында қала спортшылары Қазақстан республикасының чемпионттары мен біріншіліктерінде спорттың 71 түрінен 416 - алтын, 372 - күміс, 398 - қола медаль жеңіп алды.

Сонымен қоса, жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында 39 - алтын, 18 - күміс және 24 - қола медальге ие болды. Ал, Әлем чемпионаттарында 28 - алтын, 15 - күміс, 8 - қола еншіледі. Сонымен қоса, Францияда өткен Дүниежүзілік гимназиядада және биылғы Азия Чемпионатында спортшымыз жеңімпаз атанған болатын.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 2021 жылдың II- жарты жылдығынан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда.

2022 жылы жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323,0 миллион теңге қаржы бағытталып, спорттық секцияға 4-пен 18 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 16%-ын қамту жоспарланған болатын.

Бүгінгі күні мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасына 130 кәсіпкерден өтінім түсіп, оның ішінде 85 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтті.

Қазіргі таңға дейін, мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша ата-аналардан 17 спорт түрі бойынша жалпы саны 22 536 өтінім түсіп, 17 234 баланың ата-аналарымен келісім-шарт жасалды. Балалар аталған бағдарлама негізінде баскетбол, бокс, еркін күрес, грек-рим, дзюдо, каратэ, таеквондо, жүзу, үстел теннисі, футбол, шахмат, көркем гимнастика, волейбол, пауэрлифтинг, қазақ күресі, футзал, тенниске қатыса алады.