Шымкенттік этнос өкілдері қазақ дастарханын жайды

0
68

Зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер кеңесінің мүшелері жайылған дастаханнан дәм татып өз бағаларын берді.


Шымкенттік этнос өкілдері қазақ дастарханын жайды

Бүгін Шымкент қаласында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен дәстүрлі «Қазақ дастарханы» атты көрме-фестивалі өтті, хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен қалалық әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйытқысымен ұйымдастырылған, шараға қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, діни конфессия өкілдері, этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері қатысты.

Атап айтсақ, «Қазақ дастарханы» фестивалі өңіріміздегі Қазақстан халықа Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Өткен жылдары өңірдегі этнос өкілдері қазақтың ұлттық тағамы ет асудан және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдары дайындаудан сайысқа түскен болатын.


"Бүгінгі ұйымдастырылған фестивальге қазақтың ұлттық тағамдарын өз қолымен дайындап әкелдім. Біз Қазақстанда туылып өскенбіз. Қазақтың барлық ұлттық тағамдарын үйде істеп пісіріп отырамын. Ол ет асу болсын, сіріне, қазы-қарта болсын барлығын тойда, туған күндерімізде пісіреміз. Осылайша қазақтың тағамдарын ұнатамын, үйреніп қалғаныбыз",-деді "Түркі" этномәдени бірлестігінің мүшесі Заухра Байрам.

Сондай-ақ, биылғы шарада шымкенттік 11 этномәдени бірлестік өз талғамдары бойынша қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, дастархан жайды және дайындаған тағамдардың тарихына үңіліп, ас әзірлеудің әдіс тәсілін түсіндірді. Сонымен қатар, мереке барысында дастархан жиналған көпшіліктің назарына ұсынылып, әрбір азаматтың дәм татуына жағдай жасалды.

Мұндағы мақсат – қаладағы этностарды игі бастамаларға ұйыстыру арқылы мемлекет құрушы қазақ халқының маңайына топтастыру, ұлтымыздың қонақжайлық дәстүрін дәріптеу, рухани құндылықтарымызды жаңғырту. Қазақтың ас мәзіріндегі ұлттық тағамдардың сан алуандылығын жұртшылыққа паш ету.

Одан бөлек, көрме-фестиваль аясында көпшілік бауырсақ пісіру мен табаға нан жабудың тәсілдері көрсетілді.

Сонымен қатар, асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту секілді қазақтың ұлттық ойын түрлерін мен этномәдени бірлестіктер жанындағы өнер ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет