Шымкенттік әйел обыр ауруын жеңіп шықты

0
1 184

Сүт безі обыры ауруымен күрескен әйел бүгінде емделіп отыр.


Шымкенттік әйел обыр ауруын жеңіп шықты

Шымкент қаласының 57 жастағы тұрғыны Залатова Валентина Александровна қатерлі ісікті жеңіп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бір жыл бұрын сүт безі обырымен күрескен Валентина Александровна бүгінде оның дәрігерлерге деген алғысы шексіз. Сары уайымға салынбай, өмір үшін күрескен Валентина Александровнаның талдаулар нәтижесі құлан таза айыққанын көрсеткен.

Скриннинг кезінде ауруды анықтап дереу ем домын іздеген оның Шымкент қалалық онкологиялық орталықтың дәрігерлеріне, әсіресе өзінің емдеуші дәрігеріне Докторкуль Тасболтаға алғысы шексіз. Валентина барлық әйелдерді дәрігерлерден қорықпай, оларға көмек көрсетуге шақырады.

"Жағдайды ушықтырмау керек. Көп жағдайда өзіміз кінәлі. Соңғы минутқа дейін созып келудің қажеті жоқ. Анализдерге табылған аурудан дәрігерлер секіріп өте алмайды. Сол үшін диагноз қойылдыма, ауруға берілмей, емделу қажет",-дейді Валентина Александрқызы.