Шымкенттік әйел түрмеге марихуананы сусабынға салып өткізбек болған

0
949

Күйеуімен кездесуге келген әйел бірден күйеуінің заттарын ғана емес, сонымен бірге оны басқа сотталушыға беруді сұраған нәрселерді де алып келгенін айтқан.


Шымкенттік әйел түрмеге марихуананы сусабынға салып өткізбек болған

Шымкент қаласында 39 жастағы әйел түрмеге марихуананы сусабынның ішіне салып өткізбек болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы жəне Түркістан облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

"2 наурыз күні 39 жастағы әйел мекемеге күйеуімен кездесуге келген. Тексеру барысында қызметкерлер алып келген барлық заттар мен өнімдерді тексерді. Солардың ішінде сусабын күдік тудырған. Сусабынды ашу кезінде өзіне тән иісі бар өсімдік тектес жасыл зат табылды. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шақырылды. Сараптама бұл марихуана екенін анықтады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Күйеуімен кездесуге келген әйел бірден күйеуінің заттарын ғана емес, сонымен бірге оны басқа сотталушыға беруді сұраған нәрселерді де алып келгенін айтқан. Ол есірткі тарататыны туралы білмеген. Заттар мен жағымсыз "тосын сый" бар пакетті әйел басқа ер адамнан алғандығын айтқан.
Бүгінгі таңда ҚР ҚК 296-бабы бойынша (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмыстық іс қозғалды. Аталған жайт бойынша есірткіні колонияға беруге әрекет жасаған 6 адам тергеліп жатыр.