Шымкенттік футболшылар «Бавариямен»​ кездеседі

0
2 458

Бірінші кездесу Қазақстанда, ал қарымта кездесу Германияда өтеді.


Шымкенттік футболшылар «Бавариямен»​ кездеседі

Әйелдер арасындағы UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды. Турнирдің аталған сатысында Шымкенттің «БИІК-Қазығұрт» командасына Германияның «Бавариясы» қарсылас атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Алғашқы ойындар 3, 4 және 10, 11 наурыз күндеріне белгіленген. Бірінші кездесу Қазақстанда, ал қарымта кездесу Германияда өтеді.

«Бавария» осы кезеңде бір жыл бұрын «БИІК-Қазығұртты» ұтқан еді, бірақ егер қазақстандық команда бұл текетіресте жеңіске жете алса, онда өз тарихында бірінші рет ширек финалға шығады.

Чемпиондар лигасының ширек финалы 23, 24, 31 наурызда және 1 сәуірде болады. Ал командалар 24, 25 сәуір және 1, 2 мамырда жартылай финалда кездессе, финал 16 мамырда Швецияның Гетеборг қаласындағы «Гамла Уллеви» стадионында өткізіледі.

Естеріңізге сала кетелік, 1/16 финалда шымкенттік клуб Украинаның «Жилстрой-2» командасын екі ойынның нәтижесімен (1:0, 1:2) орта жолда қалдырды. Ал неміс футболшылары Нидерландының «Аяксын» екі ойында жалпы есепте 6:1 есебімен сүріндірді.

Айта кетейік, «БИІК-Қазығұрт» бұдан бұрын аталған турнирдің 1/8 финалында сынға түсті. 2016/17 жылғы кезеңде - Францияның Пари Сен-Жермен, 2019/20 жылғы кезеңде биылғы қарсыласы - «Баварияға» жол берген еді.