Шымкенттік каратэшілер Әлем чемпионатында 13 медаль жеңіп алды

0
323

8 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.


Шымкенттік каратэшілер Әлем чемпионатында 13 медаль жеңіп алды

2021 жылдың 4-9 қараша аралығында Стамбул /Түркия/ қаласында каратэ-шотоканнан өткен Әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар 8 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді.

Атап айтқанда ересектер арасында Есмаханбет Руслан 1-орын, Жамбаев Жанболат 2-орын Халматов Низамиддин 2-орын иеленді.
Жастар арасында Марат Азамат 75 кг салмақта 1-орыннан көрінді.
Жасөспірімдер арасында Бакирова Айжан 59 кг. салмақта 1-орын, Төлеген Бекнар 61 кг. салмақта 1-орын, Мырзалы Жансултан +70 кг. салмакта 1-орын, Тайлиев Шыңғыс 57 кг. салмақта 1-орын, Анисимов Глеб 44 кг. салмақта 1-орын, Сағынбек Лаура 54 кг. салмақта 1-орын, Еркін Біржан 61 кг салмақта 2-орын, Аманқұл Аман 38 кг салмақта 3-орын, Бармакова Динара 59 кг. салмақта 3-орынға ие болды.