Шымкенттік кәсіпкер карантин жағдайына орай 20 млн теңге бөлді

0
1 209

Сондай-ақ, Шымкент қаласы тұрғындары үшін қызмет көрсететін емхана ашып берді.


Шымкенттік кәсіпкер карантин жағдайына орай 20 млн теңге бөлді

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Кеңесінің аймақтық төрағасы Қайрат Молдасейітов карантин жағдайына орай көмекке 20 миллион теңге бөлді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қ.Молдасейітов өз компаниясы құрылысын жүргізген қала аймағында ашылған "Otau -Med" клиникасының ашылу салтанатында айтты.

Сонымен қатар, кәсіпкер емханада ең бірінші халықтың әлеуметтік әлсіз тобына көмек көрсетілетінін атап өтіп, олардың вирус жұқтыру мүмкіндігі жоғары болуы мүмкін екендігін де атап өтті.

"Қазір тек өзіңді ғана ойлайтын уақыт емес. Қазір бизнес үшін де қиын. Бірақ жайбарақат қалып, бір қалада өзіңмен бірег өмір сүріп жатқан қарттар мен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға одан да қиын екенін байқамай қалу мүмкін емес", - деп атап өтті Қ.Молдасейітов.

Сондай-ақ, кәсіпкер Шымкент қаласының өзге де кәсіпкерлері қолдау көрсетіп, әлеуметтік жауапкершілік танытатынына сенім білдірді.