Шымкенттік кәсіпкерлер меморандумға қол қойды

0
2 377

«Шымкент-қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры мен бірқатар кәсіпкерлер кездесу өткізді.


Шымкенттік кәсіпкерлер меморандумға қол қойды

Бүгін «Шымкент-қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры мен бірқатар кәсіпкерлер өзара меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл қатарда пандемия кезінде дәрігерлер мен тәртіп сақшыларына қолдау көрсеткен «Ладушки», «Камшат», «Каусар», «Жеті Тандыр», «Каравай», «Блинчик», «MeiramGroup» сияқты қоғамдық тамақтану орындарының басшылары мен «Mobil O.K.», « Taxi –Tamerlan» ЖШС бар.
- Қиын кезеңде шетте қалмай ИВЛ аппараттарын алуда, блог-посттарда тәртіп сақшылары мен аурухана дәрігерлерін тамақпен қамтамасыз етіп, азаматтық позицияларын білдіргендері үшін кәсіпкерлерге шынайы алғысымды білдіремін. Ол кездегі қолдау - біз үшін үлкен демеу болды, - деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.