Шымкенттік кәсіпорын айына 2 млн шұлық шығарады

0
397

Тоқыма цехында 240 тігін машинасы жұмыс істейді.


Шымкенттік кәсіпорын айына 2 млн шұлық шығарады

Шымкентте айына 2 миллион шұлық шығаратын кәсіпорын жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шұлық шығару үшін ең басты шикізат – жіп, мақта. Ол өзімізде бар, жетпей жатса көрші Өзбекстаннан әкелінеді.
Кәсіпорын жіпті өздері бояйды. Шұлықтардың бағасы шикізат көзі жіптің бағаларына байланысты нарыққа шығарылады. Бүгінде Шымкенттен шыққан шұлықтарды кез келген қазақстандықтың қалтасы көтереді. Нарықта олардың бағасы 80-300 теңге арасында. Бүгінде тоқыма цехында 240 тігін машинасы жұмыс істейді. Онда әр 3 минутта бір шұлық дайын болады.
Қазір Қазақстан нарығында Түрік және Қытайдан әкелінген шұлықтар көп. Сондықтан «Made in KZ» деген белгіде шұлықтарды сатылымға шығару оңай болмады. Алайда отандық өндірушілер бәсекеге төтеп берді. Аз уақытта компания «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында шұлық импортын алмастыра алатындай жағдайға жетті.