Шымкенттік ХҚО-да жерді рәсімдеу бұрынғыдан да қолжетімді

0
693

Бүгінде Шымкентте жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтерді 7 ХҚО-да алуға болады.


Шымкенттік ХҚО-да жерді рәсімдеу бұрынғыдан да қолжетімді

Шымкенттік ХҚО-да жерді рәсімдеу бұрынғыдан да қолжетімді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық қызметтері, соның ішінде жер учаскелерін рәсімдеу бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті.
Енді бұл қызметтер Қазақстандағы барлық ХҚКО-ларда көрсетілетін болады. Азаматтар өздерінің барлық өтінішін бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ететін бэк-офистермен тығыз байланыста болмауы жаңалық болып отыр. Кез келген клиент өз қалауы бойынша жеке менеджердің көмегіне жүгіне алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жерге орналастыру жобасын әзірлеуден бастап жер учаскесіне акті дайындауға дейін құжаттарды рәсімдеудің толық циклін көрсетеді.
Жерді рәсімдеу бойынша ең сұранысқа ие қызметтер –жер жобаларын жасау, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу, жер учаскелерін көлденең және биіктікте түсіру, ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу, аэрофототүсірілім жұмыстары, жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру және т.б.
Бүгінде Шымкентте жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтерді 7 ХҚО-да алуға болады.

Айта кетейік, енді тұрғындар өздерінің ЖСН/БСН-де тіркелген жер учаскелері туралы мәліметтерді электрондық порталда ала алады egov.kz. Қызметті алу үшін электронды порталда авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» қызметін таңдап, онлайн тапсырыс беруқажет. Содан кейін қызмет алушыға ЖСН/БСН көрсетіледі, кейін «Жердің бар-жоғына сұрау жіберу» батырмасын басу қажет. Тіркелген жерлер болмаған жағдайда мәртебе бірден көрсетіледі және «Анықтама алу»батырмасы пайда болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент бойынша филиалының өкілі Алтынай Татаеваның айтуынша, меншік иелері барлық тіркелген жерлер туралы толық, егжей-тегжейлі ақпаратты анықтама түрінде ала алады. Ол үшін сізде ЭЦҚ болуы немесе мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Өтінім өңдеу 15 минутты алады.