Шымкенттік кітапханашылар жүлдегер атанды

0
289

«Өрлеу» білім беруді және мәдениетті дамыту қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «ҚР үздік кітапханасы» республикалық байқауы өткен болатын.


Шымкенттік кітапханашылар жүлдегер атанды

Шымкенттік кітапханашылар республикалық байқауда жүлдегер атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Өрлеу» білім беруді және мәдениетті дамыту қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «ҚР үздік кітапханасы» республикалық байқауы өткен болатын. Бұл сайыста Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің қызметкерлері Әсем Қабылова және Перуза Бейбітова I-орынды иемденіп, арнайы дипломмен марапатталды.
Байқау шарты бойынша «Қала» секциясы, «Еркін номинация» тақырыбында презентация жолданып, нәтижесінде қатысушылар жұмысы әділ сараланып, үздіктердің есімі анықталды. Байқауға ұсынылған презентацияда балалар кітапханасының тыныс-тіршілігі, жұмыс жүйесі мен алдағы жоспары, сонымен қатар, кітапхананың ішкі және сыртқы көріністері көрсетілген болатын.
Жалпы «Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» КММ-сі 2009 жылдан бері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында жұмыс істейді. Жалпы кітап қоры – 408 565 дана.
Электронды каталог құру және кітапхана үрдістерін автоматтандыру мақсатында 2011 жылы РАБИС кітапханалық бағдарлама орнатылып, нәтижесінде кітапхана жұмысы ілгерілей түсті. Сонымен қатар, 2019 жылы Нұр Отан партиясының бастамасымен «Коворкинг» білім орталығы ашылып, заманауи үлгідегі кітапханалар жүйесімен сапалы жұмыстар жүргізілуде.