Шымкенттік мергендер әлем кубогының қола жүлдегерлері атанды

0
546

Жарысқа әлемнің 65 елінен 800-ден астам спортшы қатысып жатыр.


Шымкенттік мергендер әлем кубогының қола жүлдегерлері атанды

Шымкенттік мергендер Мария Дмитриенко мен Виктор Хасянов нысана көздеуден әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазір Әзербайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден әлем кубогы өтуде. Жарысқа әлемнің 65 елінен 800-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Ересектер арасындағы «trap/mix» аралас жаттығуының ақтық сынағында шымкенттік спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Мария Дмитриенко 2016 жылы Бразилиядағы XXXI-жазғы Олимпиада ойындарына қатысты, жеке есепте 8-орынды иеленіп, әлемнің ең мықты 10 мергені қатарына енген спортшы.
Қазақстан құрама командасы мылтық, тапанша, трап, скит, командалық және аралас жаттығулар бойынша өз шеберліктерін көрсетуде.
Бакудегі Әлем кубогы спортшылар үшін өте маңызды бастама. Өйткені онда рейтингті көтеру арқылы спортшылар Олимпиада ойындарына қатысуға квота алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы ISSF Олимпиадасында Қазақстанның намысын 3 мерген қорғап, олимпиадалық лицензия алған болатын. Оның ішінде шымкенттік спортшылар Зоя Кравченко мен Юрий Юрков да бар. Сонымен қоса, өткен жылы Бангладеште өткен халықаралық онлайн турнирде де шымкенттік спортшылар жүлделі орындарға ие болған еді. Аталған додада еліміздің спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды. Команда сапында Шымкент қаласының спортшылары 1 алтын, 1 күміс жүлдеге қол жеткізді. Елизавета Безрукова пневматикалық винтовкамен 10 метрге ату жаттығуы бойынша жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, 2021 жылдың басынан бері шымкенттік спортшылар Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубогтары мен біріншіліктерге қатысып 315 алтын, 239 күміс, 284 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионатары мен кубогтарында қала спортшылары 3 алтын, 3 күміс, 3 қола медальге қол жеткізсе, Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 1 алтын, 5 күміс және 7 қола медальге ие болды.