Шымкенттік оқушы 4 бірдей халықаралық дәрежедегі оқу орнына шақырту алған

0
1 868

Айым Ұлыбританияның Kings College оқу орнына түсуді жоспарлап отыр.


Шымкенттік оқушы 4 бірдей халықаралық дәрежедегі оқу орнына шақырту алған

Шымкенттік оқушы 4 бірдей халықаралық дәрежедегі оқу орнына шақырту алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өміріндегі ең маңызды қадамы сәтті басталған Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 "В" сынып оқушысы Маханбет Айым Испанияның Альбасете қаласындағы University of Castilla-la-Mancha оқу орны, Италияның Пиза қаласындағы University of Pisa ,Түркияның Стамбул қаласындағы Kadir Has University атты оқу орны мен Ұлыбританияның Kings College атты жоғарғы оқу орындарында студенті атану мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр.

Экономика, шет тілдері мен әдебиеті мамандықтарын таңдаған оқушы өз діттегеніне жету үшін бірнеше сынақ тапсырған.

IELTS сертификатынан бөлек, ағылшын, математика және критикалық ойлау пәндерінен тестілеуден өткен. Өзге шет тілдерін игеруге деген қызығушылығы да емтихандардан сүрінбей өтуіне септігін тигізіпті. Бұл жетістігіме Айым ата-анамның, ұстаздарымның демеуі арқасында жеттім дейді.

Жарқын болашағын бүгіннен жоспарлап, сапалы білім алуды Айым Ұлыбританияның Kings College –мен байланыстырып қойыпты. Яғни, таңдауы әлемнің үздік 50 оқу орындарының тізімінде 32-болып тұрған шетелдік білім ордасына түскен. Ол нағыз маман болып шығу үшін бұл қадамының дұрыс екеніне сенімді.