Шымкенттік оқушылар сабақты үш күн қашықтан оқиды

0
504

Ауа райына байланысты 0-11 сыныптар қашықтан оқиды.


Шымкенттік оқушылар сабақты үш күн қашықтан оқиды

Шымкентте мектеп оқушылары үш күндік қашықтан білім алуға жіберілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Білім басқармасының әлеуметтік желі парақшасында жарияланды.

ұрметті әлеуметтік желі қолданушылар, ата-аналар!
Шымкент қаласы бойынша ауа-райының нашарлауына байланысты 2023 жылғы 13-15 желтоқсан күндері 0-11 сыныптар аралығындағы оқушылар қашықтықтан оқытылатынын хабарлаймыз!", - делінген Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі жариялаған хабарландыруда.