Шымкенттік полицей аралас жекпе-жектен Азия чемпионы атанды

0
447

Жарыста Азияның 22 мемлекетінен келген 500-ге жуық спортшы өзара бақ сынауда.


Шымкенттік полицей аралас жекпе-жектен Азия чемпионы атанды

Шымкент қаласы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Қымбат Ахмет Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

25 қазан мен 2 қараша аралығында Душанбе қаласында аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты өткізілуде.
"Жарыста Азияның 22 мемлекетінен келген 500-ге жуық спортшы өзара бақ сынауда. Қазақстан намысын қорғауға үздік 37 спортшы барған", - делінген жазбада.
Шымкент қаласы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Қымбат Ахмет 47 келі салмақта Азия чемпионы атағын жеңіп алды.

Айта кетейік, Елордада «Полицияның үздік учаскелік инспекторы» республикалық байқауы өткен болатын.

Ішкі істер Министрлігінің ұйытқы болуымен өткен айтулы сайысқа еліміздің 195 мың тұрғыны атсалысқан. Дәлірегі, отандастарымыз Министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы үздік иснпекторларға дауыс берген.
Сонымен, «Республикалық маңызы бар қалалардағы үздік учаскелік инспектор» аталымында шымкенттік полицей топ жарды. Әл-Фараби ауданының полиция басқармасының полиция инспекторы Ербол Юсупов «Қазақстан Республикасының үздік учаскелік иснпекторы» мәртебесінің І дәрежелі дипломын еншіледі. Сондай-ақ, оған «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі және 3 лауазымдық еңбекақы көлемінде қаржылай сыйақы берілді. Және ол сый-таралғыны Ішкі істер Министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өзі тапсырды.
Ішкі істер Министрлігінің ұсынған мәліметіне сүйенсек, Мемлекетімізде жыл сайын учаскелік полиция инспекторларының тікелей жұмысы арқылы 40 мыңға жуық қылмыс ашылып келеді. Және Еліміздегі 166 мыңға жуық адам, 8,5 мың отбасы және 7 мыңға жуық кәмелетке толмағандар учаскелік полиция инспекторларының бақылауында тұр. Бұл – олардың жұмыс-жүктемесінің жауапкершілігі мен еселі еңбегін екшесе керек-ті.