​ Шымкенттік полицей жекпе-жектен екі дүркін Азия чемпионы

0
588

23 жастағы полицей тек өз ісінің білікті маманы ғана емес, үздік спортшылардың қатарында.


​ Шымкенттік полицей жекпе-жектен  екі дүркін Азия чемпионы

Шымкент қаласы Полиция департаменті қолға алған «Біздің полиция» жобасының кезекті кейіпкері де - қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, құқық тәртібін қамтамасыз етуге үлес қосқан тәртіп сақшысы. Ол – Бахытжан Досымғалиев, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

23 жастағы полицей тек өз ісінің білікті маманы ғана емес, үздік спортшылардың қатарында. Бүгінге дейін бағындырған белестері мен жеткен жетістіктері жетерлік. Спортқа деген қызығушылығы оның бала кезінен басталған.

Анығын айтсақ, халықаралық дәрежедегі спорт шебері дзюдомен екінші сыныптан бастап айналысқан. Алғашқы жетістігі: 2010 жылы жас балалар арасында өткен Бекзат Саттарханов турнирінде бас жүлде иегері. Жас та болса, бір емес бірнеше төсбелгілермен марапатталған: «2015 жылы – қоян қолтық жекпе-жектен Оңтүстік Қазақстан облысы чемпионы», «2016 жылы – Панкратионнан спорт шеберіне үміткер», «2017 жылы – Еуразия чемпионы», «2017 жылы – Голд Унифайттан 2 дүркін Азия чемпионы», «2018 жылы – жекпе-жектен Абсолютты Азия чемпионы».

Бахытжан Досымғалиұлының қазіргі таңда алға қойған мақсаты - Шымкент қаласы Полиция департаментінің атынан әлемдік спорттық жарыстарға шығып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, Еліміздің көк туын көкте желбірету.

Қай істе де жеңістің тек еңбекпен келетінін қайсар мінезді жігіт жақсы біледі. Сондықтан болса керек, үздіксіз жаттығып, жаңа белестерді бағындыруға бекінген.