Шымкенттік полицейлер қоршаған ортаны ластаған қоғамдық көлік жүргізушілерін жауапқа тартты

0
878

Алты күнде қоршаған ортаны ластаған отыз бір жүргізуші анықталған.


Шымкенттік полицейлер қоршаған ортаны ластаған қоғамдық көлік жүргізушілерін жауапқа тартты

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 2019 жылдың 10-17 қазан аралығында «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараның 6 күнінің қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 1105 тәртіп бұзушылықты анықтаған.


Атап айтсақ:

• «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу» бойынша – 45;

• «Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару» бойынша – 33;

• «Рейс алдындағы техникалық байқаудан өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы медициналық тексеруден өтпеген жүргізушіні басқаруға рұқсат беру» бойынша – 19;

• «Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару» бойынша – 38;

• «Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды немесе радиостанцияны пайдалануы» бойынша – 250;

• «Маневр жасау қағидаларын бұзу» бойынша – 67;

• «Қарсы жүріп өту қағидаларын бұзу» бойынша – 2;

• «Көлік құралын алкогольдік күйде басқару» бойынша – 1;

• «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқару» бойынша– 5;

• «Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану» бойынша – 5 және өзге де құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.