​Шымкенттік полицейлер мектеп оқушыларына сабақ өтті

0
426

Кездесу барысында полиция майоры Анар Махсудова «Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу негіздері» атты оқушыларға дәріс оқыды.


​Шымкенттік полицейлер мектеп оқушыларына сабақ өтті

Шымкент қаласы Абай АПБ Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді қорғау тобының инспекторы полиция подполковнигі Айнұр Қарабаева мен №81 жалпы орта мектебіне бекітілген Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры Анар Махсудова білім беру мекемесінде мектеп оқушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің юаспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесу барысында полиция майоры Анар Махсудова «Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу негіздері» атты оқушыларға дәріс оқыды. Онда отбасылық келеңсіз оқиғалар, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың мінез-құлқына тікелей әсер етіп, жасөспірімдерді заңбұзуға итермелейтіндігі туралы айтылды.

Отбасындағы моральдық және этикалық құндылықтардың сақталуы жастардың болашағына зор әсерін тигізетіндігіне тоқталды. Сондай-ақ, полицейлер оқушылардың жанұяларындағы қарым-қатынас тұрақтылығы жөнінде әңгіме өрбітіп, олармен сұрақ-жауап алысты.

Айта кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында жоғарғы сынып оқушыларына, жасөспірімдерге, студенттерге, ата-аналарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдарын жеткізу және жаңа психоактивті заттардың таралуының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен қала әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мамандары бірлесіп, №55 мектептің жоғарғы сынып оқушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру және есірткі заттарын тұтынудың зияндығы жөнінде арнайы сабақтар өткізді.

Сабақ барысында оқушыларға зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.