Шымкенттік полицейлер телефон ұрысын ұстады

0
1 506

70.000 теңге тұратын ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткен


Шымкенттік полицейлер телефон ұрысын ұстады

иллюстрациялық фото: chopen.net

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының полиция қызметкерлері телефон ұрысын ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент ҚІІД Әл-Фараби ПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында қала көшелерінің бірінде орналасқан аялдамада белгісіз тұлға қалтасынан құны 70.000 теңге тұратын ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткені туралы жазып көрсеткен.

Оқиғаға байланысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады.

Қазіргі таңда аталған қылмыс ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.