Шымкенттік ректор: «Университет жабылыпты деген бос сөз»

0
2 666

Министрліктен келген комиссия көптеген ЖОО-ны тексерген.


Шымкенттік ректор: «Университет жабылыпты деген бос сөз»

Шымкенттегі Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет ректоры министрдің мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ azattyq-ruhy порталына сілтеме жасап.

Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет ректоры Сандыбай Боранбаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың жоғарғы оқу орыны жабылуы мүмкін деген мәлімдемесімен келіспейді. Филология ғылымдарының докторы, профессорБоранбаевтың айтуынша, Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес министрлік тексеру өткізгенсоң, оқу орнына бірнеше ескерту жасалған.

«Біз осы бағытта тынымсыз жұмыс істеп, кемшіліктерді жоюға тырысып жатырмыз. Енді 15 желтоқсанға дейін тағы да комиссия келеді деп күтіп отырмыз. АӘИУ-дің лицензиясын тоқтату туралы шешімді сол комиссия қарайтын болады. Ал «университет жабылыпты, тоқтапты» деген бос сөз. Министрліктен келген комиссия бізден бөлек көптеген ЖОО-ны тексерді. Тіпті, таяуда ғана олардың біріне қайта тексеру жасап, жіберілген кемшіліктерді түзету үшін екінші мәрте бір ай уақыт берген», - дейді Сандыбай Боранбаев.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, «қара тізімге» ілінген оқу орындарының тізімін жария етті. Оның ішінде Шымкенттегі аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет те бар.Егер, бір ай мерзім ішінде кемшіліктер жойылмаса министр оқу орындарын сотқа беретіндерін айтқан.