Шымкенттік шенеунікке Қазақстан азаматтығы қайта берілді

0
2 472

Қалалық «Дене шынықтыру және спорт» басқармасының басшысына мұндай мүмкіндік уақытша сот жұмыстары аяқталғанша беріліп отыр.


Шымкенттік шенеунікке Қазақстан азаматтығы қайта берілді

Шымкентте жоғары лауазымды шенеунікке, Қазақстан азаматтығы қайтарылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Қалалық «Дене шынықтыру және спорт» басқармасының басшысына мұндай мүмкіндік уақытша сот жұмыстары аяқталғанша беріліп отыр. Бұл туралы басы дауға қалған Олег Почиваловтың өзі, бүгін баспасөз жиынында мәлімдеді. Бұған дейін оны ел азаматтығынан айыру мәселесі көтерілген.

Еске салайық, өткен аптада полиция «Дене шынықтыру және спорт» басқармасының басшысы Ресей азаматы дегенді айтқан. Алайда шенеунік мұны теріске шығарған еді. Шенеунік құқық қорғау органындағылардың бұл дерегін жалған, өзіне қарсы ұйымдастырылған әрекет деді.

- Ақпарат құралдары мен ғаламторда тараған деректің бәрі жалған. Бұл бізге қарсы топтың, яғни қаланың игілігі мен азаматтарымыздың, спорттың дамуы үшін жұмыс істегісі келмейтіндердің әрекеті. Мен Қазақстан азаматы болғанмын және бола да беремін. Түсіндіңіздер ме?- деді «Дене шынықтыру және спорт» басқармасының басшысы Олег Почивалов


Олег Почивалов
полицейлердің үстінен прокуратураға шағымданған. Шенеуніктің адвокаты Ресей тарапы ұсынды делінген құжаттың бұрмаланғанына сенімді. Жазбаша мәліметте оның көрші елдің азаматтығын алғаны туралы айтылған деп көрсетілгенімен, құжаттарда сәйкестік жоқ деді заңды өкілі.