Шымкенттік спортшы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

0
516

Қола жүлдеге таласта венгриялық қарсыласынан басым түсті.


Шымкенттік спортшы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Шымкенттік балуан Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты аяқталды. Кеше, жарыстың соңғы күнінде ҚР еркін күрес құрамасы бір қола жүлде жеңіп алды.
Шымкент қаласының балуаны Асыл Айтақын 61 келі салмақта бақ сынап, қола медальға ие болды. Жерлесіміз жартылай финалда армениялық қарсыласына есе жіберген еді. Қола жүлдеге таласта венгриялық қарсыласынан басым түсті.