​Шымкенттік студенттерге 8500 орындық жатақхана салынады

0
2 320

Жатақханалардың құрылысы 2019 жылдан басталады.


​Шымкенттік студенттерге 8500 орындық жатақхана салынады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

2021 жылға қарай Шымкентте студенттік жатақханалардағы орын жетіспеушілік мәселесі толық шешіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімінің ресми парақшасына сілтеме жасап.

Бұл үшін үшінші мегаполисте 8500 орындық жатақхана салынады.
Жалпы, Шымкентте 10 ЖОО мен 29 колледж бар. Онда 106 636 студент білім алуда.

6 614 студент жатақханамен қамтылған. Барлығы 8 400 орынға қажеттілік туындап отыр. Жыл соңына дейін 500 орындық жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда.
Инвесторлармен 500 және 200 орындық жаңа үлгідегі екі жатақхана салу туралы Меморандумға қол қойылды.

Әкімдік тарапынан «Тұран» шағынауданынан «Shymkent» ӘКК АҚ-ның инвестициясы есебінен 5000 орындық жатақхана салу үшін жер учаскесі рәсімделуде.

2019 жылы ЖОО студенттері үшін 2870 орындық және колледж студенттері үшін 1650 орындық жатақхана құрылысы басталады.