Шымкенттік таэквондошылар республикалық турнирде жүлделі орын алды

0
692

Шымкент қаласының таэквондошылары 3 алтын, 5 күміс, 1 қола медальге ие болды.


Шымкенттік таэквондошылар республикалық турнирде жүлделі орын алды

Шымкенттік таэквондошылар республикалық турнирде топ жарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

7-9 ақпан күндері Түркістан қаласында «СҮЙІЛІШ БАТЫРДЫ» еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Таэквондодан өткен балалар, кадеттер және жастар арасындағы турнирге қатысқан шымкенттік жас спортшылар жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Атап айтар болсақ, Шымкент қаласының олимпиада резервін даярлау орталығының таэквондошылары 3 алтын, 5 күміс, 1 қола медальге ие болды.