Шымкенттік жастар дәрігерлерге алғыс себеттерін таратты

0
1 092

Еріктілер 100-ден астам денсаулық себетін дайындады.


Шымкенттік жастар дәрігерлерге алғыс себеттерін таратты

Шымкент қаласында «Дәрігерлерге мың алғыс!» жалпыұлттық акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Акцияның негізгі мақсаты - бірнеше айға жуық уақыттан бері қауіпті індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге алғыс айту.
Елдегі карантинге байланысты медицина қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Олар ауысымнан-ауысымға жанталасып, отбасына, туған-туыстарына уақыт бөле алмай, талай жанның өміріне араша түсіп, ерлікке пара-пар қызмет атқарып жүр. Соңғы уақытта бұл көрініс дәрігерлердің өмірін күрделендіре түсті. Сондықтан елдегі қиын қыстау кезеңде олардың жанынан табылып, барынша қолдау көрсету - қоғамның басты міндеті.

Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер 100-ден астам денсаулық себетін дайындады. Себетке азық-түлік, иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған.

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып «алғыс себеттерін» дайындауға «Шымкент қаласының ACCESS бітірушілері «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігі, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» ,«Шаңырақ жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Асыл жүрек» қайырымдылық қоры, Қазақстан темір-жол төрағасы , Зарина Жиенбаева қоғамдық бірлестігі, «Пища жизни» қайырымдылық қоры, «Оңтүстік жастары» қоғамдық қоры «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы, «Жас ғалым - жастары» қоғамдық бірлестігі, Шымкент қалалық «Жастар мәслихатының» депутаты аталған акцияға қолдау көрсетті.