Шымкенттік жастар дебат ойындарын үйренді

0
668

Дебат – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір жолы.


Шымкенттік жастар дебат ойындарын үйренді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дебат ойындарына жастарды үйрету жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дебат – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір жолы. Ел ертеңі болатын жастардың өз ойын ашық білдіріп, еркін сөйлеуі маңызды. Оларға қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді талдап, түсіне алу қабілеті қажет. Пікірсайыс жастарымызды ұтқыр ойлы, саяси сауатты болуға баулиды. Жеке тұлғаның танымын кеңейтеді. Дебат – тәртіп пен тәрбиенің, сыйластықтың ортасы.

Түсіндірме жұмыстары барысында ойында сөз жарыстыра отырып, қарсыласқа ұтымды жауап қайтару, өз идеяңды қорғап шығу шеберлігі айтылды. Сондай-ақ дебатты қалай ойнау керектігі, регламенттері және қалай сөйлеу керектігі, қоғамдағы актуалды тақырыптар жайында сөз қозғалды.