Шымкенттік жастар «Өз еліңді танып біл» жобасына қатысты

0
668

Бұған дейін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының жастары арасында ерекше семинар-тренинг өткен болатын.


Шымкенттік жастар «Өз еліңді танып біл» жобасына қатысты

Шымкенттік жастар Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы мен Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының бірлесуімен «Өз еліңді танып біл» жобасына қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олар Оңтүстік өңірінің киелі мекендері саналатын Орталық Азияның ең ежелгі қалаларының бірі - Отырар мен Түркістан қаласына экскурсия жасады.
Жобаның негізгі мақсаты – жастарға еліміздегі белгілі орындары мен тарихи мекендерін кеңінен насихаттау.
Жастар ең бірінші экскурсия сапарында Отырар археологиялық және Отырар қорық музейінің жұмысымен танысты.
Аталмыш музейдің ірге тасы 1979 жылы қаланған. Онда ежелгі кезеңдегі әжелеріміздің әшекей бұйымдары мен киіз үйлерінің жабықтары сақталған.
Соңғы экскурсия қайта түрленген киелі мекен саналатын Түркістан қаласымен жалғасын тапты. Жастар ұлттық қолөнер бұйымдарының ешқашан бағасы бәсеңдемей, құндылықтары сақталатынын, әрбір сақталған тарихи жәдігерлерде сол кезеңнің тарихы жатқанын түсінді.
Әрбір заттан қазақтың тарихы, тағдыры, тәлімі мен тәрбиесі, даналығы мен дала көңілінің айқын көрінісін көрген жастар экскурсиядан үлкен әсер алып қайтты.

Айта кетейік, бұған дейін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының жастары арасында ерекше семинар-тренинг өткен болатын.

Семинарда жастардың мазасыздық деңгейін диагностикалау және психологиялық әдістемелер бойынша оқып-үйретуге арналды. Ондағы негізгі мақсат - қарым-қатынас дағдыларын дамыту, өзін-өзі бағалауды арттыру және өзіне деген деген сенімін нығайту.
Семинар-тренинг барысында “Мандала” әдістемісі қолданылды. «Мандала» әдістемесі сурет бояу арқылы - психологиялық-диогностикалық әдістеме. Онда жастардың ішкі жан тербелісі білдіріледі. Сурет бояу арқылы адамның құпияларымен бірге, ішкі көңіл-күй толқынысы ашылады. Сондай-ақ, топтық ынтымақтастықты дамытуда балаға өзі сөзбен жеткізе алмайтын немесе дауыстап айта алмайтын нәрселерін білдіру арқылы тығыз қарым-қатынас орнатылды. Бір сөзбен айтқанда мандаланы бояу арқылы қиындықты да жеңуге болады.

Семинар-тренингке қатысқан жастар үлкен әсер алды. Алдағы уақытта да бейімдеу орталығындағы жастар арасында түрлі іс-шаралар жалғасын таба бермек.