Шымкенттік жастарға жыл соңына дейін 904 пәтер беріледі

0
1 717

Ай сайынғы пәтерақы 10-12 мың теңге көлемінде болады.


Шымкенттік жастарға жыл соңына дейін 904 пәтер беріледі

Үшінші мегаполистегі жұмысшы жастар жыл соңына дейін 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерге ие болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтсақ, 29 жасқа дейінгі соңғы екі жылда қалада тіркеуде тұратын, осы уақыт ішінде тұрғын үйге меншік иесі болып табылмайтын, ай сайынғы табысы 40 АЕК (101 мың теңге ) кем емес (қосымша: банкте жинақ (депозиттік) шоты бар және отбасылы жастар) аталған жалдамалы пәтерлер байқауына қатыса алады. Бұл туралы Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев айтып берді.

«Өтінімдерді 25-29 қараша аралығында қабылдаймыз. Елбасының тапсырмасына сәйкес, жұмысшы жастарды қолдау мақсатында еліміздің үш мегаполисінде 3000 пәтер жыл соңына дейін үлестірілмек. Шымкентте 304 пәтердің құрылысы аяқталуға жақын. 600 пәтер нарықтағы үйлерден сатылып алынады. Жалпы, 904 пәтерге 6,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайлар 2021 жылын қоса алғанда 3 жыл бойы беріледі», - деді Жандос Төлембекұлы

Сондай-ақ, Шымкент қаласы тұрғын үй жане тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мәлік Әбдінұровтың айтуынша, бүгінде үй кезегінде тұрған жастар саны 10 мыңға жуық. Бұл баспаналар сатып алу құқығынсыз 5 жыл мерзімге жалға беріледі. Ал, ай сайынғы пәтерақы 10-12 мың теңге көлемінде болады.

Айта кетейік, осыған дейін Жастар жылы аясындағы бағдарламаға қатысу үшін тиісті құжаттар Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12а ғимараттың бірінші қабатында қабылданатынын жариялаған едік.

Байланыс телефондары: 24-24-35.