Шымкенттік жігіт қайынағасын пышақтап өлтірген

0
1 249

Қайғылы оқиғаға отбасылық жанжал себеп болған.


Шымкенттік жігіт қайынағасын пышақтап өлтірген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте 35 жастағы жігіт таяқ жеген қарындасын ап кетпекші болған қайынағасын пышақтап өлтіріп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, отбасылық жанжал кезінде күйеуінен таяқ жеген келіншек туған ағасына шағымданып, күйеу баласын жөнге салуды сұраған. Ал, қарындасының көз жасына шыдай алмаған ағасыкүйеу баласымен кездеспекші болып, жігіт қайынағасын дәмханаға шақырып алады. Содан кейін, дәмханада екеуі сөзге келіп, күйеу баласы қайынағасына қарай шыны бокал лақтырып төбелескен және ашуға булыққан ағасы қарындасы мен төрт жиенін алып кетем деп таксимен кетіп қалған.

Сосын, соңынан қуып жеткен күйеу баласы мен қайынағасы үйде де жаға жыртысып, күші жетпесін білген жігіт асхана пышағын қолына алып, есікті сыртынан итеріп тұрған қайынағасына сұғып алған және оқиға орнынан кетіп қалған.

Нәтижесінде, оң жақ бүйрегінен бір рет пышақ жарақатын алған ер адамды ақ халаттылар аман алып қала алмаған. Ал, ашуға ерік беріп, абайсызда балаларының туған нағашысын өлтіріп алған 35 жастағы жігіт сотта өз кінәсін толық мойындап, шын өкінетіндігін айтқан. Сонымен қатар, өзінің кәмелетке толмаған төрт перзенті мен марқұмның соңында қалған бес баланы асырайтындығын айтып, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Алайда, жәбірленуші тарап, яғни қайын жұрты ағаларын өлтірген күйеу баласына кешірім бермеген.

Сот шешімімен, айыпталушы ҚР ҚК-нің 106 бабы, 3-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.