Шымкенттіктер Астананың "Нұр-Сұлтан" деп өзгеруін қолдады

0
1 069


Шымкенттіктер Астананың

Шымкентте ел астанасын қолдау мақсатында «Бас қаламыз - Нұр-Cұлтан» акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Үшінші мегаполистегі Арбат демалыс аймағында «Бас қаламыз - Нұр-Сұлтан» акциясы өтті. Бес мыңнан астам тұрғын жиналған мерекелік іс-шара барысында шымкенттік зиялы қауым өкілдері ел астанасы атауының өзгеруіне байланысты оң пікірлерін айтып, қолдау білдірді. Олар егемен еліміздің қалыптасып, өсіп-өркендеуіне ерен еңбек сіңірген Тұңғыш Президентіміз бұл құрметке әбден лайық деп біледі.

Мерекелік акция аясында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Онда Ернар Айдар, "Өркен" отбасылық квинтеті, Еркін Нұржанов пен Асыл Жандаулетовтер өнер көрсетті.