​Шымкенттіктер бір жылда 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады

0
241

Шымкент қаласында жыл басынан баға индексі 103,5 пайызды құрады.


​Шымкенттіктер бір жылда 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады

Шымкент қаласының халқы бір жылда жалпы 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының басшысы Абунасыр Джанбатыров ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтты.

Оның ішінде, ұн, нан, күнбағыс майы және тауық жұмыртқасымен жергілікті өндірушілер толығымен 100% қамтамасыз етеді.
Сиыр еті бойынша қала өзін 34% қамтамасыз етіп, қосымша қажеттілік Түркістан облысынан тасымалданады, ал тауық еті бойынша қаланың қамту үлесі 20% құрап, қосымша қажеттілік АҚШ, Белоруссия мемлекеттерінен және Алматы қаласынан жеткізіледі.
Сүт өнімдерінің қамту үлесі орта есеппен 40-50% құрап, қосымша қажеттілік Солтүстік өңірлерден және Түркістан облысынан тасымалданады.
Көкөніс өнімдерінің негізгі тасымалданатын өңірлеріне келетін болсақ, картоп Павлодар облысы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясынан, пияз Жамбыл облысы, Өзбекстан Республикасынан, сәбіз Павлодар, Жамбыл, Түркістан облысы, Ресей Федерациясынан, ал қырыққабат Түркістан облысы, Өзбекстан Республикасынан.
Бакалея өнімдері бойынша қарақұмық жармасы Шығыс Қазақстан облысы, Ресей федерациясы, күріш Қызылорда облысы, құмшекер Жамбыл облысы, Ресей федерациясы және ас тұзы Қызылорда облыстарының өндірушілеріне тікелей тәуелді болып келеді.
Аталған өнімдерді «Каис Инвест» ЖШС, «Ас-Ан» ЖШС,«Meir-Trade Dirstibution Company» ЖШС, ЖК «Сидельников» және «Прима Дистрибьюшн» ЖШС секілдіірі дистрибьютерлік желілер қамтамасыз етіп отыр.
Шымкент қаласында жыл басынан баға индексі 103,5 пайызды құрады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға өсімін алдын-алу шаралары:
- Айналым механизмі және форвардтық шарттар негізінде, халықтың қамту үлесін арттыру;
- Делдалдық қызметті шектеу шаралары;
- Тұрақты түрде азық-түлік жәрмеңкелерін өткізу;
- Айналым механизмі аясында кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз қаражаттар беру.
Айналым механизмі және форвардтық шарттар негізінде түзілген өнім көлемдеріне жекелей келетін болсақ:
Күріш – 360 тонна, құмшекер – 2 340 тонна, қарақұмық жармасы – 370 тонна, рожки – 90 тонна, 1 сұрыпты ұн – 2 475 тонна, әлеуметтік нан – 3 270 дана, сиыр еті – 910 тонна, тауық еті – 770 тонна, 1 санатты жұмыртқа – 43,7 млн.дана, ас тұзы – 25 тонна, күнбағыс майы – 330 тонна, сары май – 70 тонна, сүт – 630 тонна, айран – 1 720 тонна, сүзбе – 140 тонна, картоп – 5 540 тонна, пияз – 1 300 тонна, сәбіз – 1 310 тонна, қырыққабат – 1 050 тонна.