Шымкенттіктер ​"Ордабасы" футбол клубын салтанатты түрде күтіп алды

0
875

“Ордабасы” футбол клубы Оралдық “Ақжайық” клубына қарсы ойнап, 5:4 есебімен футболдан ҚР кубогының жеңімпазы атанды.


Шымкенттіктер ​

“Astana Arena” стадионында “Ордабасы” футбол клубы Оралдық “Ақжайық” клубына қарсы ойнап, 5:4 есебімен футболдан ҚР кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кеше Шымкент әуежайында "Ордабасы" футбол клубының ойыншыларын қала тұрғындары, клуб жанкүйерлері және бір топ спорт сүйер қауым, әскери оркестрмен салтанатты түрде қарсы алды.
Шара әрмен қарай 17:00-де "Әл-Фараби" алаңында қала әкімдігі басшылық құрамының қатысуымен футболдан ҚР кубогын салтанатты тапсыру рәсіміне жалғасты.