Шымкенттіктерге ертең жылу беріледі

0
675

Кестеге сәйкес жылу беру қазан айының 25-не қосылу керек болған


Шымкенттіктерге ертең жылу беріледі

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембековтің қатысуымен өткен баспасөз конференцияда мәлім болды.

Баспасөз алаңында спикер басқарма тарапынан 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша және жылыту маусымына дайындық барысы туралы айтып берді.
«Қалада жылу 20 қазаннан бастап беріледі. Кестеге сәйкес жылу беру қазан айының 25-не қосылу керек болған. Тұрғындардан түскен өтінішке және ауа-райының қолайсыздығы, күннің салқындауына байланысты жылу ертеңнен бастап беріледі. Шымкент қаласы аумағы бойынша 838,6 км жылу құбырлары бар. Қазіргі уақытта 23 қазандық және 17 сорғы станциясы қысқа дайын», - деді басқарма басшысы.
Конферецияда Мақсат Ердембеков басқарма тарапынан атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті.
«Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде табиғи газбен қамту көрсеткіші 94%-ға, ауыз сумен қамтамасыз ету 98,5%-ға, кәрізбен қамту 60%-ға, қала көшелерін жарықтандыру көрсеткіші 69%-ға жетті. Жыл соңына дейін ауыз сумен қамту көрсеткішін 100 пайызға орындау жоспарда бар», - деді басқарма басшысы.