Шымкенттің әкімі халықпен кездесуді "Көрме" орталығында жалғастырды

0
772

Мұрат Әйтенов әкімдіктегі барлық мемлекеттік қызметшілермен бірігіп, қала тұрғындарымен кездесу өткізуде.


Шымкенттің әкімі халықпен кездесуді

Шымкент қаласының әкімі есепті кездесуін аяқтаған соң қала тұрғындарын "Көрме" орталығында қабылдауды жалғастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өйткені, миллионды шаһардың мәселесі екі сағаттың ішінде айтылып бітпесі анық. Өткен жылды қорыдындылап, халық алдында есеп берген жаңа әкім өз мәселесін айтуға үлгермеген тұрғындармен тығыз жұмыс жасауда.

Қалалық басқарма басшылары, аудан әкімдері және өзге де мемлекеттік қызметшілер тікелей тұрғындардың айтар уәжін тыңдап, мәселенің негізгі себебі мен толықтай шешілу уақытын түсіндіруде.

Үшінші мегаполис басшысы есепті кездесуде өзінің қалы тұрғындарын кешке дейін қабылдап, халықтың мәселесін шешуді қарастыратындығын айтқан болатын.