Шымкенттің бас дәрігері қала тұрғындарын екпе алуға шақырады (видео)

0
542

Бүгінде қала тұрғындарының 90 пайыздан астамы індетке қарсы екпенің бірінші компонентін алған.


Шымкенттің бас дәрігері қала тұрғындарын екпе алуға шақырады (видео)

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттің бас дәрігері қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаладағы мемлекеттік және жекеменшік емханаларда ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары аптаның жеті күнінде сағат 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеуде.
Бүгінде қала тұрғындарының 90 пайыздан астамы індетке қарсы екпенің бірінші компонентін алған. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов өзінің бейне хабарландыруында айтты.
Бейне үндеуінде қаланың бас дәрігері ауруды жеңу үшін жаппай иммундаудың маңызы зор екенін және вакцинациялау қалыпты жағдайға оралуға мүмкіндік беретінін мәлімдеп, вакцина алмаған тұрғындарды екпе салдыруға шақыруда.