Шымкенттің бас полицейі ауысты

0
838

Бұл қызметті бұған дейін Ералы Жумаханбетов атқарған болатын.


Шымкенттің бас полицейі ауысты

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Бұл қызметті бұған дейін Ералы Жумаханбетов атқарған болатын.

Дәлбеков Қайрат Сұлтанбайұлы, полиция генерал-майоры, 1963 жылы 1 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген.

- 1989 жылы Шымкент облыстық атқару комитетінің ИЧ-167/1 мекемесінде шұғыл бөлімнің жедел уәкілі болған;

- 1994 жылы Мемлекеттік Тергеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының 3-бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі қызметін атқарған;

- 1994-2009 жыл аралығында түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған;

- 2009-2011 жылдары Мақтаарал ауданы ІІБ-ң бастығы;

- 2011-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары;

- 2013-2017 жылдары Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің бастығы;

- 2017-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің бастығы;

2018 жылдың шілде айынан қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

«Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл, «Қазақстан Республикасының Конститутциясына 20 жыл, «Қазақстан Республикасының Егемендігіне 25 жыл» және басқа да мемлекеттік медальдарымен марапатталған.