Шымкенттің бас полицейі азаматтарды қабылдауды бастады

0
789

Қабылдау кешкі сағат 17:00-ге дейін жалғасады.


Шымкенттің бас полицейі азаматтарды қабылдауды бастады

Шымкентте Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай (ұлттық) күні басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Е.Тургумбаевтың бастамасымен өткізіліп жатқан Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай (ұлттық) күні аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығыЕ.Жумаханбетов таңғы сағат 10:00-ден бастап азаматтарды қабылдауын бастады.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – полиция органдары мен халықтың арасында тиімді кері байланыс орнату, азаматтардың шағымдарын тез арада қарастырып, оң шешімін табу.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін 6 азамат сұрақтарымен келіп, тиісті жауаптарын алды. Қабылдау кешкі сағат 17:00-ге дейін жалғасады.