Шымкенттің бас полицейіне сөгіс жарияланды

0
462

Қайрат Дәлбековке «дер кезінде бақылауға алмағаны үшін» ішкі істер министрінің бұйрығымен сөгіс жарияланды.


Шымкенттің бас полицейіне сөгіс жарияланды

иллюстрациялық сурет: ашық дерккөзден
Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев қалалық полиция департаментінің жеке құрамы арасындағы тәртіп пен заңдылықтың бұзылуына қатаң баға берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полициия Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Соңғы уақытта Шымкент полициясы қызметкерлерінің жаппай ұсталуына байланысты Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасымен мегаполиске министрлік тарапынан бір топ басшы келді, оны полиция генерал-лейтенанты М.Қожаев басқарды. Кездесу барысында министр орынбасары полицияның жұмыс атқаруы мен тәртіп жағдайына қатысты бірқатар мәселелерді сынға алды. Ол өз сөзінде қазіргі жағдай шұғыл өзгерістерді талап ететінін атап өтті.

Сондай-ақ, ҚР ІІМ-нің арнайы топ мүшелері жеке құрам назарына қалалық полицияның бірқатар басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы жеткізді. Атап айтқанда, министрдің орынбасары Шымкент қаласы ПД бастығы Қайрат Дәлбековке «дер кезінде бақылауға алмағаны үшін» ішкі істер министрінің бұйрығымен сөгіс жарияланғанын атап өтті. ПД басшылығын тәртіптік жауапкершілікке тартуға полиция қызметкерлері жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар себеп болды, олардың арасында жергілікті полиция қызметінің экс-бастығы, рота командирі және патрульдік полиция полкінің екі қызметкері және Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бар. Жеке құраммен жұмыс істеу міндетіне кіретін кадр аппаратына қатысты да қатаң шаралар қабылданатын болады.

«Президенттің " Жаңа Қазақстан " Жолдауын іске асыру мақсатында полиция қатарында дөрекілікке, сыбайластыққа және тамыр-таныстыққа орын жоқ. Қазіргі таңда біз ішкі істер органдарының адал, әділ, еңбекқор және таза қызметкерлерін қолдаймыз және олардың жұмысы ілгерілеу үшін жағдай жасаймыз. Азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және заң үстемдігін орнату – біздің басты міндетіміз", - деп түйіндеді министр орынбасары.