Шымкенттің бірнеше көшесінде ыстық су беру уақытша тоқтатылады

0
567

2022 жылдың 7 тамызына дейін ыстық су беру шектеледі.


Шымкенттің бірнеше көшесінде ыстық су беру уақытша тоқтатылады

Шымкент қаласында 7 маусымнан бастап Төлеметова көшесі бойында орналасқан және Нью-сити, Жаңа Тұрлан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлерде ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы "Қуатжылуорталық-3"-тің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

"Жыл сайын «Қуатжылуорталық-3» МКК тарапынан келесі жылу маусымына дайындық жұмысын жүргізу үшін жаз мезгілінде ыстық сумен қамтамасыз етіп отырған дербес қазандықтарда жоспарлы жөндеу жұмысы жүргізіледі", - делінген жазбада.

"Қуатжылуорталық-3" мәліметінше, Төлеметова көшесі бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер және Нью-сити, Жаңа Тұрлан көп қабатты тұрғын үйлерінде бекітілген кестеге сәйкес, 2022 жылдың 7 тамызына дейін ыстық су беру шектеледі.