Шымкенттің геоақпараттық порталында 6 қызмет іске қосылды

0
545

Бұл туралы «КазГиса» мекемесінің өндірістік бойынша директоры Ақтілек Нұрғазинов мәлімдеді.


Шымкенттің геоақпараттық порталында 6 қызмет іске қосылды

Шымкенттің геоақпараттық порталында 6 қызмет іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы геопарталды жасақтап жатқан «КазГиса» мекемесінің өндірістік бойынша директоры Ақтілек Нұрғазинов мәлімдеді.

ҚР Президентінің Жолдауын және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында әзірленіп жатқан геоақпараттық жүйесінің жұмысы аяқталуға таяп қалды. Қазірдің өзінде мемлекеттік қызметтер мен сервистер, жылжымайтын мүліктердің бірыңғай кадастры порталмен байланыстырылған.

Геопорталда 16 мемлекеттік қызмет қаралған болса, бүгінде оның 6-ы іске қосылған. «Оpenmap.geo-shym.kz» деп аталатын ақпараттық жүйеге картографиялық қызметті әзірлеу (ашық және кезекші карта), аэрофототүсірілім жүргізу, ортофотожоспар, жерді пайдаланудың бұзылуына мониторинг жүргізу, векторлық карта-схеманы құру және қаладағы нысандардың электронды төлқұжаттары енгізілген. Бұл қызметтер тұрғындардың қолдануына оңтайлы етіп жасалған.
Аймақтық ақпараттық жүйеге осы жылдың қазан айына дейін қала тұрғындары мен заңды тұлғалардан 300 ұсыныс келіп түсті. Бүгінге дейін оның 183-і порталға енгізілді. Қалған ұсыныстар қаралу үстінде”, – деді Ақтілек Бекболатұлы.

Айта кетейік, ақпараттық портал арқылы қала тұрғындары қажетті мекенжайлар мен жер телімдерін, қаланың бас жоспарындағы мәліметтерді біле алады. Жобаны толығымен пайдалануға беру мерзімі жыл соңына дейін жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, қала аумағындағы заңсыз және техникалық атқарушы құжаттарсыз салынып жатқан құрылыс нысандарын оңай анықтау мақсатында құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларды ГЕОпорталға тұрақты енгізу және толтырылған әкімшілік хаттамалардың да енуі бойынша ұсыныстар берілді. Шымкент қаласының геопорталы пилоттық режимде пайдалануға енгізілген. Бірыңғай платформада қала инфрақұрылымының объектілері туралы ақпарат орталықтандырылған. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер автоматтандырылып, іске қосылды.