Шымкенттің кей көшелері жөндеуден өтеді

0
1 749

Биыл Шымкент қаласындағы бірнеше көшелер мен көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтіліп отыр. Осыған орай, қала әкімі жұмысшы топпен бірге сол көшелерді аралап көрді.


Шымкенттің кей көшелері жөндеуден өтеді

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шаһардағы Адырбеков көшесі мен А2 жолының және Қарабастау елдімекеніндегі Бадам өзенінен өтетін көпірді жаңарту, Байтұрсынов көшесінің орташа жөндеу жəне Д.Қонаев даңғылын жалғастыру жобаларымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін арнайы жұмысшы топ аталған көшелерді аралап, жөндеу және кеңейту жұмыстары егжей-тегжейлі талқыланды. Қалабасына жол құрылыс жұмыстарын қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев таныстырды.

«Адырбеков көшесіндегі құрылыс жұмыстары 5 кезеңге бөлініп жобаланған. Жол құрылысына жауапты мердігер – «Kaz Construction» ЖШС. Екі бағыттағы көшені жаңарту барысында жолдың екі шеті де жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен толығып, абаттандырылады. Адырбеков көшесінің бүгінгі көлік өткізу қабілеті тәулігіне 13450 көлікті көрсетіп отыр. Соның салдарынан көлік кептелістері орын алуда. Қайта құру жұмыстарынан кейін көше 4 жолақты болады және бұл көлік қозғалысына да оңтайлы болмақ»,- дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев.


Қазірде қаламызда көлік кептелісі басты ауыртар басты мәселеге айналып отырғаны рас. Осыған орай, көшелерді кеңейту қажеттігі туындап отыр. Жол құрылысын жүргізу үшін біраз ауқымды шаралар қолға алынбақ. Адырбеков көшесін кеңейту үшін 65 жер телімі мемлекет меншігіне алынады. Мердігер мекеме мамандары жер мен коммуналдық сұрақтар тез шешімін тапса, жол құрылысын ертерек аяқтап, пайдалануға беруге дайын екендіктерін жеткізді. Ол үшін білікті мамандары мен техникасы да сақадай сай тұр екен.


Қала басшысы әкімдік тарапынан шешілетін сұрақтардың бәрін қолға алынатындығын, ең бастысы, құрылыстың сапалы болуын ескертті. Жол құрылысы жұмыстары жүргізілетін көшелерде веложолдар да қарастырылмақ. Бұдан кейін Ғ.Əбдірахымов бастаған жұмысшы топ А.Байтұрсынов көшесін аралады. Ондағы бастапқы үлгілермен танысып, тротуар дизайнына таңдау жасады. Жол құрылысына тек отандық өнімдер қолданылмақ.

дереккөз "Отырар" телеарнасы.

суреттер "Панорама Шымкента" газетінің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.